АПЛ рекордшысы "Монакоға" ауысты

14.01.2019, 00:16
АПЛ рекордшысы "Монакоға" ауысты
«Челси» футболшысы Сеск Фабрегас Францияның "Монако" клубына ауысты. Испаниялық жартылай қорғаушы Лондон командасы сапында 197 матчқа қатысып, премьер-лига чемпионы атанды. Англия және Лига кубогында жеңіске жетті. 31 жастағы футболшының спорттық ғұмыры Лондонның тағы бір клубы "Арсеналда" басталған еді. Сеск атақты Тьерри Анримен тізе қосып, ағылшын премьер--лигасында атой салды. Енді міне, француз футболшысымен қайта қосылады. Анри қазір "Монаконың" бас бапкері. Фабрегас ағылшын премьер-лигасында алты маусым бойы нәтижелі пастарының санын 10-нан асырып, бұл көрсеткіш жөнінен алғашқы ойыншы атады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×