АПЛ сегізінші турдың үш ойынын кейінге шегерді

13.09.2022, 18:20
Мұның ішінде орталық матч та бар.
АПЛ сегізінші турдың үш ойынын кейінге шегерді

Ағылшын Премьер-лигасының басшылығы осы демалыс күндері өтетін 8-турдың үш кездесуін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы лига өзінің ресми сайтында хабарлады.

Қайта жоспарланған матчтар тізімінде жексенбі, 18 қыркүйекте өтуі тиіс «Челси» мен «Ливерпуль» арасындағы турдың орталық кездесуі де бар. Сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» пен «Лидс Юнайтед», «Кристал Пэлас» пен «Брайтон энд Хоув Альбион» арасындағы ойын да кейінге қалдырды. Ал қалған жеті матч жоспар бойынша өтетін болады.

Еске салайық, қазір Ұлыбритания патшайым Елизаветаның жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Бұған құқық қорғау органдарының көп бөлігі тартылғандықтан, билік кейбір кездесулерде, соның ішінде Лондонда өтетін матчтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін осы бейсенбіде өтуі тиіс «Арсенал» мен ПСВ арасындағы Еуропа лигасының кездесуі де кейінге шегерілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×