Америка Құрама Штаттары. Бейсбол? Баскетбол? Америкалық футбол? Жоқ, тағы да ойланып көрелік. Футбол бұл мемлекетте қазір аталған дәстүрлі ойындардың ешқайсысынан кем емес. Енді дәл осы солтүстіктің жігіттері оңтүстікте өтетін Әлем чемпионатына бармақ. Қыран - Американың қасиетті құсы. Әрбір күміс доллар америкалық отансүйгіштікті насихаттайды. Нигерияда да қыран құс ұлттық символға жатады. Әрі футболдан ұлттық құрамасының таңбасы. Сонымен, қара құрлық пен жаңа әлемнің қырандары Бразилиядағы додаға қатыспақ. 2013 жылдың 10 қыркүйек күні АҚШ іріктеу сынындағы 7 ойынына жеңіске жетіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл оқиға бас бапкер Юрген Клинсман үшін өте қуанышты жағдай болды.
Олар футболдан артық рахатты білмейді. 5 рет чемпион болу олар үшін үлкен ләззәт. Мараканада доп тебу әрбір футболшының арманы. Әлем чемпионаты Бразилиядан артық еш жерде тамаша өте де қоймас. Өйткені мұндағы әрбір тұрғын осы футболмен тыныстайды ғой. Юрген Клинсман АҚШта футболдың дамып кеткенін анық аңғарды. Бұл ойын АҚШта жастар арасында номері 2 спорт болып саналады. Және АҚШтағы теледидардағңы футбол көрсетілімінің рейтингісі де өте жоғары. Ал Ұлттық құрама соңғы кездері тамаша нәтижелер көрсетуде. Ал 1990-жылға дейін құрама команда жарты ғасырда Әлем чемпионатына 1 рет қана қатысқан болатын.80-жылдары Әлем кубогын көбінесе Бразилия Италия секілді құрамалар жеңіп жататын. Ол кезде АҚШ үшін бұл арман болатын. Содан кейін Боб Ганслер баптаған жас команда 1990-жылы Италия жеріндегі чемпионатқа қатысқалы бері қатарынан Әлем кубогының финалдық кезеңіне үзбей қатысып келеді. АҚШ жер көлемі жағынан жер шарындағы 4 мемлекет. Және адамдар саны бойыншы үшінші орында.
| Американы 1492-жылы Христофор Колумб ашты. Дегенмен құрлықтың аты италияндық зерттеуші Америго Веспуччидің атынан қойылды. |
| АҚШ жер көлемі жағынан жер шарындағы 4 мемлекет. Және адамдар саны бойыншы үшінші орында. |
| АҚШ экономикасы Әлемдегі ең мықты болып саналады. |
| Көпке таралған ақпарат бойынша Әлемдегі ең биік тау АҚШта орналасқан. |
| Егер мұхит түбіндегі ең төменгі нүктеден бастап есептейтін болсақ - Гавай аралындағы Мауна-Кеа тауының биіктігі 10 000 метрді құрамақ. |
| Сондай-ақ Ақшта ең ыстық температура тіркелген. Колифорния штатындағы Өлім даласы деп аталатын аймақта Фарангейт өлшемі бойынша 134 градус тіркелген болатын. |
| Осы далада ертеректе дәурен құрған үнді тайпалары 100 шақты адамның қатысуымен аяқ доп деп аталатын ойын ойнаған деседі. |
| Ал нағыз футбол АҚШта 1970-жылдары дами бастады |
| … ал 1980-жылдары ол қайтадан құлдырай бастады … |
| … Дегенмен, футбол бұл елде қайтадан өрлеп келеді. Мемлекеттегі жанұялардың 30 пайызы футболды таңдап отыр. |
| АҚШтағы ірі футбол ұжымдары болып Лос-Анджелес Гэлакси, Ди Си Юнайтед және Нью -Йорк Ред Буллс командалары болып табылады. |
Юрген КЛИНСМАНН
Конкакаф аумағында іріктеу сынынан мүдірмей өтіп, чемпионатқа жолдама алудың өте қиын екенін айтайын. Бәсекелес алты ұжымның арасынан сытылып шығу оңай емес. Өйткені сырт алаңдағы ойындарда қатты қиындық көрдік. Ол жақта мүлде өзгеше табиғаттар. Бір жерде күн қатты ыстық, бір елде тіпті ауа райы минусқа дейін барды.
Клинсманға сенбегендердің күдігі Коста Риканы АҚШ құрамасы жеңгеннен соң бір-ақ сейілді. 2013 жылдың наурызында басты бәсекелесті Клинсман шәкірттері тізерлетіп, Әлем чемпионатына жолдаманы қалтаға салған болатын.
Одан кейін Сиэтл қаласында олар Панаманы жеңді, одан кейін Коламбус қаласында өткен матчта Мексиканы ұтты. Осы нәтижелерден соң құрамаға Эдди Джонсон мен Лэндон Донован қайта шақыртылды. Ал Канзас-Ситиде олар Ямайканы ұтқан кезде жанкүйерлер АҚШтың толықтай өз мақсатын орындағанына көздері жетті.
Питер ВЕРМЕС
Бұл жеңіс АҚШ үшін өте қатты маңызға ие. Іріктеудегі жеңісті жолымызды енді Әлем чемпионатында да жалғастыруымыз керек. Бұл біз үшін үлкен тәжірибие. Өйткені, футбол тарихының тұрғысынан қарасақ біз жас командамыз. Дегенмен де біз аз уақыт ішінде өзіміздің ойын мәнерімізді қалыптастырып үлгердік деп есептеймін.
| Осы Әлем чемпионаты АҚш үшін 10- біріншілік болмақ. |
| АҚШтың алғаш рет Чемпионатқа қатысқан кезінде ол жайында жақсы пікірлер айтыла қоймады. |
| Әлем чемпионатындағы АҚШтың ең жарқын жеңісі 1950 жылғы мундиялда тіркелген. Жасыл алаңдағы ғажайып деген атпен қалған бұл оқиғада Америкалықтар Англия құрамасын 1-0 есебімен жеңген болатын. |
| Америкалықтар үшін ең сәтсіз Чемпионат 1998-жылы Франция жерінде өтті. Онда олар 1 ұпайды да еншілей алмады. |
| Ал негізі Әлем чемпионатындағы алғашқы Хет-трикті америкалық футболшы салды дегенге сенесіздер ме? Иә дәл солай. 1930-жылы АҚШ – парагвай кездесуінде Берт Патенод үш бірдей соққымен қарсылас қақпасын дәл көздеген болатын. |