«Ақсу» футбол клубы жаңа директор тағайындады

20.11.2021, 16:41
Бұл маманға инвесторлар тарту міндеті жүктелді.
«Ақсу» футбол клубы жаңа директор тағайындады

Павлодарлық «Ақсу» клубы директор қызметіне Әлихан Лесовтің тағайындалғанын хабарлады.

Бұрынғы басшы Жанат Камалиев клуб құрылымындағы жұмысын басқа қызметте жалғастырады. Ал Әлихан Мұтабекұлы Лесов «Ақсу» командасының жаңа директоры болып тағайындалды.

Әлихан Мұтабекұлының қаржылық менеджмент және маркетинг саласында білімі бар. Жас маман Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (KIMEP) және Словениядағы Экономика және бизнес мектебінде білім алған. Әлихан Қазақстан футбол федерациясының халықаралық бөлімінде жұмыс істеп, ұлттық құраманың ресми матчтарын ұйымдастыруға белсене атсалысқан. 2015/16 жылғы маусымда Нұр-Сұлтанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарды ұйымдастыруға қатысты. Бұрын коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. Лесов Қазақстандағы ірі халықаралық Aramex логистикалық компаниясының бас директоры ретінде де жұмыс істеген.

Облыс басшылығы клубтың жаңа басшысына бірқатар міндеттер қойды, соның ішінде инвесторлар тарту мәселесі бірінші кезекте тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×