«Ақсу» либериялық ойыншымен толығуы мүмкін

09.02.2023, 23:24
«Ақсу» либериялық ойыншымен толығуы мүмкін


Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсу» клубы «Ақтөбенің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Иоахим Адукормен келіссөздер жүргізуде.

29 жастағы футболшы былтырғы маусымның басында «Ақтөбе» сапына қосылған еді. Команда құрамында 32 ойын өткізіп, 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Адукор Либерия құрамасында дебют жасап, екі ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×