«Ақсу» «Қайраттың» бұрынғы ойыншысын қатарға қосуы мүмкін

28.01.2022, 14:31
Футболшы павлодарлық клубтың жаттығу жиынына қатысуда.
«Ақсу» «Қайраттың» бұрынғы ойыншысын қатарға қосуы мүмкін

«Қайрат» пен «Қайсардың» 30 жастағы экс-шабуылшысы Владислав Нехтий мансабын павлодарлық «Ақсуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Footboom басылымы.

«Владислав Нехтийдің жаңа командасы «Колостың» бұрынғы бапкері Руслан Костышин баптайтын қазақстандық «Ақсу» болуы ықтимал.

Жартылай қорғаушы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, тіпті «Ақсудың» сербиялық «Колубара» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуіне де қатысып үлгерді», - деп жазады дереккөз.

30 жастағы футболшы соңғы кездері «Металлист» клубында доп тепті, бірақ 2020 жылдың жазынан бері бар болғаны 6 матч өткізді.

Владислав Нехтий Алматыда дүниеге келген, бірақ жастайынан Украинаға кетіп, футболдағы алғашқы қадамын сол жақта жасаған.

Нехтий 2013-2014 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, клуб жейдесінде 16 матч өткізді. 2014 жылдың жазында «Қайсарға» ауысып, 2015 жылдың жазына дейін қызылордалық клубтың намысын қорғады (18 матч, 6 гол). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×