«Ақсу» қазақстандық шабуылшымен келісім-шарт жасасты

07.02.2022, 00:27
Футболшы павлодарлық клуб жейдесінде ғаламат гол соғып үлгерді.
«Ақсу» қазақстандық шабуылшымен келісім-шарт жасасты

«Ақсу» 21 жастағы қазақстандық шабуылшы Дамир Маратпен келісім-шартқа отырды. Ойыншы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Соңғы екі маусым бойы шабуылшы «Екібастұздың» намысын қорғады. Өткен маусымда Дамир 21 матч өткізіп, алты гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қазақстандық футболшы косоволық «Ульпиана» қақпасына тамаша гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×