«Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаил Оспановты қатарға қосты. Қос тарап бір жылдық келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды павлодарлық клубтың баспасөз қызметі.
«Атыраудың» 24 жастағы түлегі өткен маусымда 20 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
«Мұнайшылардың» жаңа бапкерлер штабы келесі маусымда Оспановқа сенім артқысы келгенімен, ойыншы «Ақсудың» ұсынысын қабылдауға бел буды. Оның үстіне қаржылық жағынан павлодарлық клубтың ұсынысы «Атырауға» қарағанда әлдеқайда тиімді.