«Ақсу» «Қызыл-Жарды» минималды есеппен жеңді

04.07.2022, 04:02
Алаң иелері жеңісті голды матч соңында соқты.
«Ақсу» «Қызыл-Жарды» минималды есеппен жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы турында «Ақсу» мен «Қызыл-Жар» үш ұпайды сарапқа салды. Ойын Павлодардағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапында Дамир Марат матчтың аяқталуына үш минут қалғанда жеңіс голын соғып кетті.

Қазақстан Премьер-лигасы, 16-тур

«Ақсу» – «Қызыл-Жар» – 1:0

«Ақсу»: Евгений Кучеренко (қ) – Ислам Жилов, Али Гаджибеков, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбек уулу – Евгений Задоя, Михаил Бакаев (к) (Анатолий Красотин 83), Асланбек Кәкімов, Дамир Марат – Сэм Джонсон (Мирас Тұрлыбек 55), Георгий Захаренко (Еркебұлан Тұңғышбаев 55);

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв, Мусса Коне, Руслан Есімов (Еркін Тапалов 57) – Жиан Мартинс, Пабло Подио (Сергей Тихоновский 75) – Артур Мурза (Мишель Нкололо 64), Дарко Зорич, Тимур Мульдинов (Евгений Козлов 64);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×