«Ақсу» ресейлік қорғаушымен келісім-шарт жасасты

11.02.2022, 13:32
Футболшы «Зенит» сапында доп тепкен.
«Ақсу» ресейлік қорғаушымен келісім-шарт жасасты

«Ақсу» 24 жастағы ресейлік қорғаушы Ислам Жиловпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ресейлік футболшы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Ислам Жилов ұзақ уақыт бойы Ресейде өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Спартак Нальчик», «Анжи», «Зенит-2», «Екатеринодар» секілді командалардың намысын қорғады. Қорғаушының соңғы клубы «Машук-КМВ» (11 матч) болды.

Сондай-ақ «Ақсу» 26 жастағы жартылай қорғаушы Матвей Матвиенкомен келісім-шарт мерзімін ұзартты. Өткен маусымда футболшы 11 ойынға қатысып, 7 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×