«Ақсу» тәжірибелі шабуылшыны керек қылмады

28.04.2022, 23:50
Клуб басшылығына шабуылшының ойыны ұнамады.
«Ақсу» тәжірибелі шабуылшыны керек қылмады

Sportx.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсудың» қазақстандық шабуылшысы командадан кетті.

30 жастағы шабуылшы Сергей Хижниченко қыста «Ақсумен» келісім-шартқа отырып, шабуылдағы негізгі күш ретінде қарастырылған болатын. Алайда 5-ші турдан кейін Хижниченконың ойынына көңілі толмаған клуб басшылығы келісім-шартты үзу туралы шешім қабылдады. Оның үстіне, павлодарлық команда либериялық шабуылшы Сэм Джонсонды қатарға қосты. Сондықтан Хижниченко бұл шешімге қарсылық білдірмей, клуб бергісі келетін өтемақыны алуға келіскен.

Қыста «Ақсуға» ұлттық құрамада өнер көрсеткен төрт ойыншы қосылды - Ғафуржан Сүйімбаев, Айбол Әбікен, Еркебұлан Тұңғышбаев және Сергей Хижниченко. Сүйімбаев пен Әбікен команданың көшбасшысына айналса, Тұңғышбаев пен Хижниченко көлеңкеде қалды. Дамир Маратқа бәсекелес бола алмаған Еркебұлан жазда клубтан кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×