«Колостың» 22 жастағы украиналық қақпашысы Евгений Кучеренко жалдау шарты бойынша «Ақсуға» ауысты.
Евгений – донецктік «Шахтер» клубының тәрбиеленушісі. 2017/18 жылғы маусымда жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасында өнер көрсетіп, онда 3 ойын өткізді.
Кейін ойын тәжірибесін алу үшін Португалияның үшінші лигасында бақ сынайтын «Лейрия» клубына аттанды.
2020 жылы ковалевкалық «Колосқа» ауысып, Руслан Костышиннің басшылығымен Украина Премьер-оигасында дебют жасады. Соңғы жарты жыл бойы Украинаның Бірінші лигасындағы «Подолье» командасында өнер көрсетті.
Қақпашы кезінде Украинаның жастар құрамасына шақырту алған.
Біздің серіктес: FONBET