«Ақсудың» бапкерлік штабында жұмыс істейтін мамандар белгілі болды

28.01.2022, 17:43
Костышин өзіне таныс бапкерлерді қасына алды.
«Ақсудың» бапкерлік штабында жұмыс істейтін мамандар белгілі болды

Павлодарлық «Ақсу» бапкерлік штабта жұмыс істейтін мамандардың есімін атады.

Виктор Васильевич Ульяницкий бас бапкердің көмекшісі ретінде еңбек етпек. 2004 жылы футболшы ретінде Ульяницкий оралдық «Ақжайық» сапында өнер көрсетті. 2016 жылы «Таразда» Юрий Максимовтың көмекшісі болып жұмыс істеді. Кейінірек «Алтай» ФК спорт директоры қызметіне шақырылды. Соңғы екі жылда ол украиналық «Ворскла» командасында бас бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарды.

Владимир Александрович Аржанов та алдағы уақытта жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істемек. Аржанов 2015 жылдың қаңтарында «Атырау» клубымен келісім-шартқа отырып, екі маусым өткізді (55 матч, 13 гол). Футболшы ретінде қызылордалық «Қайсар» сапында да өнер көрсетті.

Ал Андрей Степанович Федоренко қақпашылар жаттықтырушысы болып тағайындалды. Федоренко мансабын мәскеулік «Академияда» бастады, кейін ярославльдік «Шинникке» ауысты. Украинаның бірінші лигасындағы командаларда ойнаған, «Атырау» сапында да өнер көрсеткен. 2020 жылы «Колос» жастар командасының қақпашылар жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×