Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсу» клубының оқу-жаттығу жиынына түрік ұлтынан шыққан украиналық жартылай қорғаушы Джемаль Али Кизилатеш қатысуда.
Кизилатеш Стамбулдағы түрік-украин отбасында дүниеге келген. Футболдағы мансабын «Арсенал-Киевщина» клубында бастады. Сондай-ақ украиналық «Ворскла», «Арсенал-Киев», «Колос» және «Волынь» командаларында да өнер көрсетті. Джемаль Алидің соңғы клубы түркиялық «Балыкесирспор» болды.
Футболшы «Ақсу» клубының қазіргі бас бапкері Руслан Костышинмен 2018-2019 жылғы маусымда «Колоста» бірге жұмыс істеген. Павлодарлық клубта «Колостың» тағы бір бұрынғы ойыншысы Евгений Кучеренко да қаралымда жүр.
Біздің серіктес: FONBET