"Ақтөбе-1994" қарсылас шыдатар емес

07.10.2011, 23:40
"Ақтөбе-1994" қарсылас шыдатар емес
Ақтөбедегі жас футболшылардың арасындағы ойындар соңына жақындаған сайын тартысты өтуде. Бұл үздік сегіздікте фоварит, аутсайдер болып бөлінбейтін секілді. Қай ойында қай команданың жеңетінен білу қиын. Финалдық сынның алғашқы үш ойындары жөнінде хабар таратқан болатынбыз. Бүгін командалар кезекті ойындарын өткізді. Көш басындағы «Ақтөбе» қарағандылық «Шахтер» қақпасына бір гол соғып, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордадан келген «Астана» «Каспийден» дәл осындай есеппен жеңіліп, бас жүлдеге таласта жағдайын біршама қиындатып алды. Ал алтыннан үміттерін үзген Қостанайлық «Тобыл» мен Тараздан келген қала аттас команданың арасындағы ойын шиеленісті өтті. Ақыры жеңісті «Тобыл» жұлып әкетті. Есеп – 2:1 . «Ертіс» қызылордалық «Қайсар» қақпасына жауапсыз үш гол енгізіп, алтынға таласуын жалғастыруда. Ал турнир кестесіне келер болсақ, қара үзіп шыққан ұжым жоқ. Топ басында – әлі де 27 ұпайы бар «Ақтөбе». Олардан бір ұпайы аз «Каспий» ақтөбеліктерді өкшелеп келе жатыр. Қанжығасында 25 ұпайы бар павлодарлық «Ертіс» үшінші сатыға көтерілді. Төртінші орынға «Астана» орналасты. Оларда – 22 ұпай бар. Қызылдордалық «Қайсар» (19) бесінші орында қанағат етіп отырса, дәл осындай ұпаймен «Тобыл» алтыншы орында. Жетінші, сегізінші орындарда тиісінше «Тараз» (15), «Шахтер»(14) клубтары жайғасты. Есет ТӨЛЕШ, Ақтөбе қаласы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×