"Ақтөбе" - "Алания" кездесуі кезінде жаңбыр жаууы мүмкін

02.08.2011, 22:23
"Ақтөбе" - "Алания" кездесуі кезінде жаңбыр жаууы мүмкін

Ауа-райының болжамына құлақ түрер болсақ, 4 тамыз күні Ақтөбеде" жаңбыр жауады екен. Дәл осы уақытта "Ақтөбе" мен "Алания" кездесетінін баршамыз білеміз. демек, табиғи жағдайдың ойынға әсер ететіндігін есте ұстаған дұрыс. Жаңбыр жауса алаң су болып, жүгіру ауырлай түседі. Доп та қарқынын бәсеңдетіп, жай үшады. Шабуылға иек артатын "Алания" үшін бұл жағдай қиынға соқпақ. Бас бапкер Владимир Газзаев бұл мәселені де ойлап отыр екен. Өзіндік шешімін қабылдап, кез-келген жағдайға тас-түйін қамданыпты.

Ресейден қарсылас командаға жанкүйерлік таныту үшін 50 фанат келіпті. Оларға арнайы сектор бөлінген. Ал қалған орындарға қала ішінде талас қызу жүруде. Мысалы белгісіз біреулер мыңдаған билетті сатып алып қойған деседі. 2 сағаттың ішінде 9 мың билет сатылып кетті деген ақпар келіп жетті бізге. Жалпы алғанда осы ойынға деген қала тұрғындарының қызығушылығы басым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×