«Ақтөбе» «Астананы» еш қиындықсыз жеңді

27.06.2022, 04:14
Турдың орталық матчында гол көп болды.
«Ақтөбе» «Астананы» еш қиындықсыз жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында «Ақтөбе» мен «Астана» клубтары өзара мықтыны анықтады. Ойын Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің 18-минутында Уго Видемон, ал 33-минутта Рожерио Шина мергендігімен көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста Аслан Дарабаев есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 72-минутта Әлібек Қасым пенальтиден мүлт кетпей, «Ақтөбенің» бұл матчтағы үшінші голын соқты. Ал 95-минутта Максим Самородов ойын нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 15-тур

«Ақтөбе» – «Астана» – 4:1

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов – Юрий Логвиненко (к) (Никита Маляров 88), Артурас Жулпа (Йоахим Адукор 64), Рамазан Оразов (Виталий Балашов 64) – Уго Видемон, Рожерио Шина (Жерар Гоу 88), Сердер Сердеров (Максим Самородов 74);

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Артем Рахманов, Камо Оганесян – Абзал Бейсебеков (к), Аслан Дарабаев, Макс Эбонг – Жереми Манзорро, Станислав Басманов (Сұлтан Сағнаев 72), Рай Влут;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×