«Ақтөбе» бразилиялық шабуылшымен толықты

17.01.2022, 00:38
Клуб футболшыны жалға алды.
«Ақтөбе» бразилиялық шабуылшымен толықты

«Ақтөбе» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Рожерио дос Сантос Алвешпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

25 жастағы шабуылшы Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін «Львов» футбол клубынан жалға ауысып келді. «Шина» деген лақап атпен танымал орталық шабуылшы алғашында өзінің туған қаласы Сан-Паулудағы «Жувентус» және «Ваи-Ваи» клубтары сапында доп тепкен.

2017 жылдан бастап украиналық «Карпаты» мен жоғарыда аталған «Львов» сапында 50-ге жуық кездесу өткізіп, сегіз гол және төрт нәтижелі пасымен көзге түскен. 2021 жылдың наурыз айында Украина Премьер-лигасының үздік ойыншысы деп танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×