«Ақтөбе» Чемпиондар лигасында АЕК клубын ірі есеппен жеңді

17.01.2021, 01:47
«Ақтөбенің» келесі кезеңдегі қарсыласы жеребе нәтижесі бойынша анықталады.
«Ақтөбе» Чемпиондар лигасында АЕК клубын ірі есеппен жеңді

"Ақтөбе" МФК Чемпиондар лигасындағы жорығын жеңіспен бастады. Турнирдің 1/16 финалында "Ақтөбе" сырт алаңда грекиялық АЕК клубын 5:2 есебімен жеңді.

"Ақтөбе" клубы сапынан Дәулетов (17 минут), Витао (22 минут), Клочко (28 минут), Кульбаев (32 минут) және Қарағұлов (37 минут) көзге түсті.

Бұған дейін алматылық "Қайрат" та беларуссиялық "ВитЭн" клубын 5:3 есебімен жеңген болатын.

"Қайрат" пен "Ақтөбенің" қарсыластары жеребе нәтижесі бойынша анықталады. Турнирдің келесі кезеңіндегі матчтар 16-21 ақпан аралығында бір кездесу форматында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×