«Ақтөбе» Чемпиондар Лигасындағы жорығын аяқтады

18.02.2021, 23:02
Қонақтар үш минут ішінде жеңісті жұлып әкетті.
«Ақтөбе» Чемпиондар Лигасындағы жорығын аяқтады

"Ақтөбе" футзал клубы словениялық "Добовец" командасына есе жіберіп, Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өте алмай қалды. Матч Алматыда "Нұр-Аман" спорт кешенінде өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Алаң иелері тоғызыншы минутта Витао Оливейра соққан голдың арқасында алға шыққан болатын. Бірінші тайм аяқталғанға дейін "Ақтөбе" қорғаныстан шыға алмады. Сондай-ақ бірнеше рет гол жіберіп алуы мүмкін еді, бірақ Салауат Байралиев керемет сейвтерімен көзге түсті.

Бірақ екінші тайм бастала салысымен Ведран Матошевич есепті теңестірді. Араға үш минут салып Клемен Душчак екінші голды соқты. Нәтижесінде словениялық клуб 2:1 есебімен турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" Чемпиондар Лигасының 1/16 финалында грекиялық АЕК-ті 5:2 есебімен жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×