«Ақтөбе» екі франциялық ойыншыны қатарға қоспақ

08.02.2021, 18:51
Екі футболшы да кезінде Алексей Багамен бірге жұмыс істеген.
«Ақтөбе» екі франциялық ойыншыны қатарға қоспақ

"Ақтөбе" футбол клубы 26 жастағы француз жартылай қорғаушысы Эрвен Мукаммен жақын арада келісімшартқа отыратынын мәлімдеді. Эрвен күні кеше команданың орналасқан жеріне келді.

"Ақтөбенің" бас бапкері Мукамның мүмкіндіктерін жақсы біледі. Француз футболшысы кезінде БАТЭ сапында Алексей Баганың жетекшілігімен өнер көрсеткен.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, таяу уақытта француз шабуылшысы Уго Видемон "Ақтөбе" ойыншысы атанады.

27 жастағы ойыншыны Алексей Бага жақсы біледі. Видемон оның басшылығымен литвалық "Жальгиристе" өнер көрсетті. Жақын күндері футболшы "Ақтөбенің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады. Видемонның ауысуына оның литвалық клубпен жасасқан қазіргі келісімшарты кедергі болуы мүмкін. Бірақ бәрі тараптардың мәмілені өзара келісім бойынша бұзатындығына байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×