«Ақтөбе» екі ойыншымен келісім-шартты ұзартпайды

26.01.2022, 19:02
Екі футболшы да клубтың алғашқы жиынына қатысты.
«Ақтөбе» екі ойыншымен келісім-шартты ұзартпайды

«Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғаметпен және қорғаушы Ардақ Сәулетпен келісім-шартты ұзартпау туралы өзара келісімге келді.

Еске сала кетейік, Рифат соңғы екі маусымды «Ақтөбе» сапында өткізіп, 30 матчта 5 гол салды және 2 ассист жасады. Ал Ардақ болса, бес маусым бойы «Ақтөбе» намысын қорғап, 60 кездесуде 4 рет қанжығасын майлап, 5 нәтижелі пас берген еді. Былтырғы маусым барысында Сәулет оралдық «Ақжайыққа» жалға берілді.

Алғашқы ОЖЖ аясында қос ойыншыға да бас бапкер Владимир Муханов мүмкіндік берген. Оның нәтижесінде футболшылардың командамызда қалмайтыны жайлы шешім қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×