"Ақтөбе" футбол клубы Армен Арамович Манучарянмен қоштасты. Ойыншымен жасалған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Армениялық футболшы 2021 жылдың ақпан айында "Ақтөбе" клубын толықтырған болатын. Осы уақыт ішінде Армен Қазақстан чемпионатында 11 матч өткізді.
"Ақтөбе" маусым басында командаға қосылған грузиялық қорғаушы Лаша Тотадземен екіжақты келісім бойынша еңбек келісім-шартын тоқтатты. Тотадзе Қазақстан чемпионатында 9 ойынға қатысты.
"Ең алдымен біздің командаға бар жан тәнімен қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Сондай-ақ маған өз көмегін аямаған бапкерлер құрамы мен әкімшілік құрамға рақмет айтқым келеді.
Өкінішке орай жанкүйерлер күткен ойынды көрсете алмадым деп ойлаймын. Дегенмен бұл футбол. Қателіксіз адам болмайды. Клуб қызметкерлерінің бәріне рақмет. Шынын айтқанда ешкімге өкпем жоқ. Қазақстан чемпионатында тек "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйері болып қала беремін және "ақ-қызылдарға" алдағы ойындарда сәттілік тілеймін", - деді грузиялық футболшы
Біздің серіктес: FONBET