«Ақтөбе» екінші орынға көтерілді

27.09.2020, 17:49
«Ақтөбе» екінші орынға көтерілді

"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 5-турында "Екібастұз" командасынан басым түсті. Кездесу Шымкенттегі Биік стадионында өтіп, 4-1 есебімен аяқталды.

Ойынның 7-минутында Чернышов есеп ашқанымен, 21-минутта Бегалин таразы басын теңестіріп кетті. 45-минутта пенальтиді сәтті орындаған Джорджевич командасын алға шығарды. 86-минутта Таңжарықов есепті ұлғайтты. Матчтың соңғы минутында Волков гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осы жеңістен кейін "Ақтөбе" 8 ұпаймен екінші орынға көтерілді. "Екібастұз" 4 ұпаймен бесінші орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×