Қазақстан кубогының жартылай финалдық кездесуінде "Ақтөбе" сырт алаңда "Астананы" ұтты. Матчтың негізгі уақыты 1-1 тең аяқталып, жеңімпазды командалар матч соңынан кейінгі пенальти сериясында анықтады. Соңғы пенальтиді Маркос Пизелли орындап, есепті 3-4 қылды.
"Ақтөбенің" финалдағы қарсыласы алматылық "Қайрат" болатын болды. Олар да сырт алаңда "Шахтерді" ұтты. Есеп 0-2.