«Ақтөбе» француз футболшысымен келісімшартқа отырды

09.02.2021, 05:32
Эрвен Мукам бұған дейін Алексей Багамен бірге жұмыс істеген.
«Ақтөбе» француз футболшысымен келісімшартқа отырды

Эрвен Мукам ресми түрде "Ақтөбе" ФК ойыншысы атанды. БАТЭ сапында Белоруссия Біріншілігінің жеңімпазы болған француз футболшы бүгін "Ақтөбе" клубымен келісімшартқа отырды.

26 жасар Эрвен өз мансабын "Страсбур" ФК академиясында бастап, "Метц" футбол мектебін бітірген. Франция футболының жастар құрамасына бірнеше мәрте шақыртылған ойыншы, 2018 жылы БАТЭ клубымен бірге Еуропа лигасында ойнап, сол жылы ел біріншілігін жеңіп алған. 

"Ақтөбенің" бас бапкері Мукамды жақсы таниды. Француз футболшысы кезінде БАТЭ сапында Алексей Баганың жетекшілігімен өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×