«Ақтөбе» хорватиялық ойыншыны қатарға қосты

20.01.2022, 00:05
Футболшы Хорватия жастар құрамасының намысын қорғаған.
«Ақтөбе» хорватиялық ойыншыны қатарға қосты

«Ақтөбе» футбол клубы 26 жасар хорватиялық жартылай қорғаушы Мате Црнчевичпен келісім-шартқа отырды.

Меткович қаласының тумасы өз отанында «Драговоляц», «Цибалия» және загребтік «Динамо» клубтарында доп теуіп, 81 ойында бес гол соғып, үш голдық пас берген. Соңғы маусымды Босния және Герцеговинаның жоғары біріншілігінде өнер көрсететін «Железничар» сапында өткізген.

Бойы 1,85 метрді құрайтын Црнчевич тіреуіш (артқы) жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Кезінде Хорватия жастар құрамасының намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×