"Ақтөбе" клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде айтылып жүрген Владимир Мұхановтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Кейбір бұқаралық және бұқаралық емес ақпарат құралдарында "Ақтөбе" ФК бас бапкері Владимир Мұхановтың жалақысы айына 25 мың долларды құрайды деген хабар тарады.
«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бас бапкердің еңбекақысы көрсетілген сомадан бірнеше есе төмен. Алайда еңбек шартының құпиялылығын сақтау мақсатында Мұхановтың табысын нақты жариялау әдептілікке жатпайды деп есептейміз", - делінген хабарламада.
Біздің серіктес: FONBET