«Ақтөбе» клубы сатылмайтын болды

21.10.2020, 02:08
Алдыңғы аптада клуб аукционға шығарылады деген ақпарат шыққан еді.
«Ақтөбе» клубы сатылмайтын болды

"Ақтөбе" футбол клубы сатылмайтын болды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің Telegram арнасында айтты.

"Келесі аптада "Ақтөбе" ФК аукционға шығарылуы керек еді. Шындығында, клуб сенімгерлік басқаруға берілуі керек еді. Бірақ тендер өтпейтін болды. Себебі белгісіз", - деп жазды журналист.

Өткен маусымда "Ақтөбе" Премьер-лигадан шығып қалды. Қазір клуб Қазақстанның Бірінші лигасында ойнайды.

Ақтөбелік команда қазір өз тобында 20 ұпаймен көш басында тұр. Соңғы турда "Байқоңырды" 4:0 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×