«Ақтөбе» клубына тағы екі футболшы қаралымға келді

12.02.2021, 01:54
Фортес өткен маусымда ҚПЛ-де ойнады.
«Ақтөбе» клубына тағы екі футболшы қаралымға келді

26 жастағы голландиялық жартылай қорғаушы Элвин Фортес пен 27 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Козлов "Ақтөбенің" орналасқан жеріне келді, деп хабарлайды KazFootball.kz. Екі ойыншы да "Ленинградец" командасымен болған жолдастық кездесуге қатысты (1:1).

Элвин Фортес өткен маусымды "Қайсар" командасында өткізді. Барлығы ол Қазақстан чемпионатында 15 кездесуге қатысып, 1 гол соқты. Ол голландиялық "Фейеноордтың" тәрбиеленушісі. Бұған дейін Финляндия, Түркия, Греция, Чехия және Грузия чемпионаттарында доп тепкен.

Евгений Козлов - "Зениттің" түлегі. Ол сонымен қатар ресейлік "Витязь", "Волга", "Динамо-СПб", финляндиялық "Лахти", беларуссиялық "Шахтер-Солигорск", сондай-ақ латвиялық "Спартак Юрмала" және "Вентспилс" командаларында ойнады. Латвия чемпионатының соңғы маусымында 26 матч өткізіп, 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×