«Ақтөбе» латвиялық клубты жеңе алмады

24.02.2022, 13:41
Ойын жабық режимде өтті.
«Ақтөбе» латвиялық клубты жеңе алмады

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Ақтөбе» латвиялық «Ауда» клубымен тең ойнады (0:0).

Ойынның жабық режимде өткенін және жоспарланған уақыттан жарты сағат кеш басталғанын айта кетейік.

«Ақтөбенің» келесі ойыны 26 ақпанда латвиялық «Рига» командасына қарсы өтеді.

Еске салайық, екі күн бұрын «Ауда» Қазақстанның вице-чемпионы – елордалық «Астананы» 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×