"Ақтөбе" - "Легия", "Астана" - "Вильяреал"

08.08.2014, 22:19
"Ақтөбе" - "Легия", "Астана" - "Вильяреал"
Еуропа Лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар өз қөарсыластарының есімін анықтап алды. Бүгін өткен жеребе тарту рәсімі "Ақтөбе" командасына құарсылас етіп Польшаның Легия командасын түсірді. Негізі польшалық бұл команда чемпиондар лигасында ойнауы тиіс еді. Бірақ, Селтикке қарсы өткен ойында олардың құрамында диквалификацияға ұшыраған бір футболшы алаңға шығып қойыпты. Осыған байланысты оларды жарысттан шеттетті. Ал елордалық "Астанаға" Испания елінің ортаңқол командасының бірі "Вильяреал" түсті. Осыдан бірнеше маусым бұрын Еурокубоктық жарыстардың плэй-офф сатысында ойнаған "сүңгуір қайықты" команда сөзсіз біз үшін азулы қарсылас. Қос қазақстандық команда алғашқы ойындарын өз алаңдарында ойнап бастайды. Матч 21 тамыз күні өтеті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×