«Ақтөбе» «Мақтааралды» еш қиындықсыз жеңді

16.10.2020, 20:48
«Ақтөбе» «Мақтааралды» еш қиындықсыз жеңді

"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 9-турында "Мақтаарал" командасын еш қиындықсыз жеңді. Павлодардағы "Жұлдыз" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды

Ойынның 19-минутында Рифат Нұрмұғамет есеп ашқан болатын. 62-минутта Эдуард Суханов айып добын сәтті орындап, командасының екінші голын соқты.

Үш ұпайға қол жеткізген "Ақтөбе" турнирлік кестеде 17 ұпаймен көш бастады. Еншісінде 10 ұпайы бар "Мақтаарал" төртінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×