Ақтөбе Мәскеуде қысқа мерзімді оқу жаттығу жиынын өткізбекші

30.08.2011, 23:32
Ақтөбе Мәскеуде қысқа мерзімді оқу жаттығу жиынын өткізбекші
Ел біріншілігіндегі уақытша үзілісті тиімді пайдаланғысы келген "Ақтөбе" клубы Мәскеуде қысқа мерзімді оқу жаттығу жиынын өткізбек.  Осы оқу жаттығу жиынының қорытынды кездесуі ретінде сонымен қатар "Ақтөбе" клубы махачкалалық "Анжимен" жолдастық кездесу өткізеді. Ал, дайындықтары  аяқталысымен 7-қыркүйек күні Ақтөбеге оралады. Және, 10-қыркүйекте елордалықтармен болар ойынға дайындықтарын  бастап кетеді. Жиынға Ұлттық құрамаға шақырылған Марат Хайруллин мен Юрий Логвиненко қатыспайды. Сондай-ақ Роберт Примус та тізесінен алған жарақатына байланысты қатыса алмайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×