«Ақтөбе» мен «Факел» футбол клубтары 2:2 есебімен тең түсті

09.02.2012, 22:23
«Ақтөбе» мен «Факел» футбол клубтары 2:2 есебімен тең түсті
  Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрген ақтөбелік футболшылар кеше Белек қаласында воренеждік құрдастарымен жолдастық кездесу өткізді. Владимир Муханов жаттықтыратын «Ақтөбе» мен Константина Сарсания тізгінін ұстаған «Факел» футбол клубтары арасындағы бұл кездесу 2:2 боп аяқталды.   Өткен маусымда воренеждіктер Ресей чемпионатындағы Ұлттық лигадағы  20  команданың арасында 19-орын алса, ақтөбеліктер Қазақстан Премьер лигасында 12 команданың ішінде 3-орын алып, қола жүлдегер атанған болатын. «Ақтөбе» келесі жолдастық кездесуін сенбі күні Хорватияның Сплит қаласының "Раднички" командасымен өткізбек. Бірінші лигада өнер көрсететін бұл команда 2010/2011 жылығ маусымда қола жүлдегер атанған болатын. Бұл 29-қаңтардан бері Түркияда жүрген ақтөбеліктердің бұл жиындағы соңғы кездесуі болмақ. Олар 12-ақпанда елге қайтпақ.

Автор: Ерлік Ержанұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×