«Ақтөбе» мен «Шахтер» ұпай бөлісті

03.04.2022, 22:05
«Ақтөбе» матч барысында пенальтиден гол соға алмады.
«Ақтөбе» мен «Шахтер» ұпай бөлісті

Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командалары тең ойнады.

Ақтөбеде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы есепті 78-минутта «Ақтөбенің» франциялық жартылай қорғаушысы Уго Видемон ашса, «Шахтер» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов бес минуттан кейін таразы басын теңестірді.

Айта кетейік, 34-минутта алаң иелері пенальтиден гол соғатын мүмкіндікке ие болған еді, бірақ Жерар Гоудың тепкен тобы қақпа бағанасынан кері серпілді.

Қазақстан Премьер-лигасы, 4-тур

«Ақтөбе» – «Шахтер» – 1:1

«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) – Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко (к), Артурас Жулпа, Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов – Руслан Камболов, Йоахим Адукор – Уго Видемон, Рожерио Шина (Виталий Балашов 67), Жерар Гоу (Максим Самородов 66);

«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов, Джордже Чосич, Владимир Хозин, Михаил Габышев, Кирилл Маляров (Павел Назаренко 84) – Роджер Каньяс (Амир Адуев 88), Стефан Букорац, Абылайхан Назымханов, Эдин Рустемович – Роман Мұртазаев (Айдос Тәттібаев 66);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×