"Қызыл-ақтардан" кеткен Жерар Гоу фанатпен сөзге келіп қалды.
Еске салайық, Гоу өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына "Ақтөбе" менің жалақымды көтермеді, сол үшін клубтан кетуге мәжбүрмін деп жазба қалдырған болатын. Шабуылшының бұл мәлімдемесіне деребесі қозған жанкүйер пікірталас басын бастады.
"Гоу көп ақшаны бірден қалағаныңыз болмады. Сіз құлаған кезде "Ақтөбе" қол ұшын созып, көтерген жоқпа. Өзіңіздің нақты бағаңызды білуіңіз тиіс. Барлығы бірден келмейді. "Ақтөбе" сізге жол ашты. Сіз соған көңіліңіз тоқ болуы керек. Бірақ, істеп отырғаныңыз мынау".
Гоу жауапсыз қалмады.
"Ақтөбе" мені емес, мен "Ақтөбені" көтеріп кеттім. Мен клубқа келерден бұрын команда чемпионатта қай орында тұрды? Мен "Ақтөбенің" биіктерден көрінуі үшін көп еңбектендім. Егерде сіз футболдан хабарыңыз болмаса, отырған жеріңізде үн-түнсіз қалыңыз. Мына жазып отырған пікіріңіз орынсыз", - деп жазады футболшы.
Гоу "Ақтөбе" үшін өткен маусымда 21 ойын өткізіп, 8 гол салған болатын.
Біздің серіктес: FONBET