«Ақтөбе» ФК бірінші ОЖЖ барысында қаралымнан өткен ойыншылар жайлы мәлімдеме жасады.
«Ақтөбе» қосынында Қазақстан жастар құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Дмитрий Бачек, Армения құрамасының ойыншысы Соломон Удо, ресейлік қорғаушы Антон Бочаров және ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу қаралымнан өткен болатын.
Украиналық «Полесье» мен «Заря» ұжымдарына қарсы кездесуде Удо, Бочаров және Бачек ойынға араласса, Гоудың физикалық дайындығы бапкерлік штабтың көңілінен шықпады. Төрт ойыншыға да «Ақтөбе» келісім-шарт ұсынбайтын болды», - делінген хабарламада.
Біздің серіктес: FONBET