«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді.
Ойынның 20-минутында Андрия Филипович сол қапталдан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, «мұнайшыларды» алға шығарды. Бірінші таймның соңында Уго Видемон айып соққысын тамаша орындап, есепті теңестірді. Ал 83-минутта Артурас Жулпа жеңісті голды соқты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 2-тур
«Ақтөбе» – «Атырау» – 2:1
«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Арман Кеңесов, Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (к), Артурас Жулпа, Ескендір Қыбырай (Әділхан Таңжарықов 90+4) – Рамазан Оразов (Әлібек Қасым 90+4), Никита Маляров – Уго Видемон, Рожерио Шина (Руслан Камболов 90+4), Жерар Гоу (Виталий Балашов 46);
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Қуаныш Қалмұратов, Николай Тарасов, Павел Барановский, Матеус Бисси, Амандық Нәбиханов – Тодор Петрович (Домантас Антанавичиус 46), Сослан Такулов – Анатолий Катрич (Дмитрий Плетнёв 81), Андрия Филипович, Петр Гжельчак;
Біздің серіктес: FONBET