«Ақтөбе» Өзбекстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

18.02.2021, 15:50
Шабуылшы үнемі Өзбекстан құрамасына шақырту алып жүр.
«Ақтөбе» Өзбекстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев "Ақтөбе" ФК-мен келісімшартқа отырды!

Соңғы екі маусым бойы шабуылшы өзбекстандық "Пахтакорда" ойнады. 2013 жылдан бастап ол өз елінің ұлттық құрамасына үнемі шақыртылып келеді. Өзбекстан құрамасы үшін 53 матч өткізіп, 17 гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Игорь Сергеевке елордалық "Астана" клубы да қызығушылық танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×