«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында польшалық «Корона» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бір қызығы, «Ақтөбе» қақпасына үшінші голды «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Евгений Шикавка соқты. Беларусь шабуылшысы өткен маусымның екінші жартысында қарағандылық клуб сапында өнер көрсеткен болатын.
85-минутта командалар арасында болған төбелеске байланысты матчтың бас төрешісі кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.
«Ақтөбе» бірнеше күн бұрын польшалық «Заглембе» клубымен тең ойнаған болатын (1:1). Владимир Муханов шәкірттері келесі кездесуін 11 ақпанда ресейлік «Кубаньға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET