"Ақтөбе" 37 жастағы ресейлік маман Владимир Зеленовскийдің басшылығымен Бірінші лиганың 12-турында "Екібастұзды" минималды есеппен жеңді. Павлодар қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Никола Цуцкич соқты.
Осылайша "Ақтөбе" араға бір жыл салып, Премьер-лигаға қайта оралды. Еске сала кетейік, алғашқы үш турда команданы ресейлік маман Алексей Петрушин жаттықтырған болатын.
"Ақтөбе" тарихында Премьер-лигаға екінші рет шығып отыр. 1997 жылы жоғарғы дивизионнан шығып қалғаннан кейін, ақтөбеліктер 2000 жылы Бірінші Лиганың жеңімпазы болып, қайтадан Премьер-лигаға жолдама алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET