«Ақтөбе» Премьер-лиганың үздік сұрмергенін қатарға қосты

26.07.2022, 15:38
Андрей Карпович жаттықтыратын команда биыл чемпион болуды мақсат етіп отыр.
«Ақтөбе» Премьер-лиганың үздік сұрмергенін қатарға қосты

«Атыраудың» хорватиялық шабуылшысы Андрия Филипович «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында футболшы «мұнайшылар» үшін 15 ойын өткізіп, 9 гол соқты.

Андрия Филипович – «Риека» клубының түлегі. Ол ұзақ уақыт бойы хорватиялық клубтың академиясында ойнады, ал 2015 жылдың ақпанында Италиядан ұсыныс түсті. Шабуылшы алты ай бойы «Ювентустың» жастар командасында өнер көрсетті. Сондай-ақ «Специяның» намысын қорғады.

2016 жылдың жазында Филипович С сериясында бақ сынайтын италиялық «Сиена» клубымен алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды. Бірақ жыл соңына дейін құрамға іліне алмай, Италиядан кетті.

Соңғы бес жыл бойы футболшы Словения, Нидерланды және Албания клубтарында доп тепті.

Жалпы, хорватиялық шабуылшы мансабында 184 матч өткізіп, 44 гол соққан және 14 нәтижелі пасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×