"Ақтөбе" Қазақстан ұлттық құрамасының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісім-шартқа отырды.
Рамазан - 2018 жылы Қазақстан Кубогін жеңіп алған алматылық "Қайраттың" түлегі. 2020 жылдың басында ол латвиялық "Даугавпилске" ауысқан еді.
2020 жылдың жазында ресейлік "Чайка" клубымен келісім-шартқа отырды. ФНЛ-де 12 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.
Оразов 2021 жылы наурыз айында Қазақстан құрамасына шақырту алды. 31 наурызда ол ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін Украинаға қарсы матчта өткізді (1:1).
Біздің серіктес: FONBET