"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші Лиганың 11-турында "Қыран" командасын еш қиындықсыз жеңді. Павлодардағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.
"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Эдуард Суханов ойынның 15-минутында пенальтиден гол соқты. Ал 39-минутта дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Кезекті үш ұпайына қол жеткізген "Ақтөбе" 23 ұпаймен өз тобында жеке-дара көш бастады. "Қыран" 16 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET