«Ақтөбе» «Қыранды» жеңіп, өз тобында жеке-дара көш бастады

23.10.2020, 01:19
«Ақтөбе» екінші тұрған командадан бес ұпайға озып кетті. Қоржынында ойналмаған бір ойын бар.
«Ақтөбе» «Қыранды» жеңіп, өз тобында жеке-дара көш бастады

"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші Лиганың 11-турында "Қыран" командасын еш қиындықсыз жеңді. Павлодардағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.

"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Эдуард Суханов ойынның 15-минутында пенальтиден гол соқты. Ал 39-минутта дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Кезекті үш ұпайына қол жеткізген "Ақтөбе" 23 ұпаймен өз тобында жеке-дара көш бастады. "Қыран" 16 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×