«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыға көз тікті

13.07.2021, 16:21
«Ақтөбе» бұл футболшыны Дубаийчтің орнына алмақшы.
«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыға көз тікті

"Ақтөбенің" жаттықтырушылар құрамы "Ақжайық" командасының ресейлік шабуылшысы Дмитрий Мичуренковке қызығушылық танытуда.

Дмитрий оралдық клубқа осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері 17 матчқа қатысып, екі гол соқты.

"Ақтөбе" клубы Мичуренковты сербиялық шабуылшы Боян Дубайичтің орнын басатын футболшы деп санайды.

Бұған дейін 25 жастағы ойыншы ресейлік "Факел", "Армавир", "Нефтехимик" және "Нижний Новгород" клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×