«Ақтөбе» ресейлік шабуылшымен толығуы мүмкін

11.02.2022, 20:48
Влдаимир Мұқанов бар назарын шабуылға аударуда.
«Ақтөбе» ресейлік шабуылшымен толығуы мүмкін

Мәскеулік «Торпедоның» шабуылшысы Михайл Маркин «Ақтөбеге» ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Егер Жерар Гоу бапкерлер көңілінен шықпаса, осы футболшы Владимир Мұқанов командасына ауысады Деп күтілуде. Маркин өткен жылы «Балтика» сапында өнер көрсетті. 28 жастағы ірі денелі шабуылшы мәскеулік клуб жейдесінде 58 ойынға қатысып, 18 гол салған.

Еске салайық, «Ақтөбе» бұған дейін Уго Видемон, Рожерио Шина секілді шабуылшылармен келісім-шарт жасасқан болатын. Одан бөлек, клубтың жаттығу жиынына Адеринсола Эсеола мен Жерар Гоу қатысуда. Украиналық шабуылшы Виталий Балашов та бірер күн бұрын клубпен келісім-шарт мерзімін ұзартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×