«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыны жалға алды

23.04.2022, 15:14
Футболшы «Ақтөбе» сапында маусым соңына дейін ойнайды.
«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыны жалға алды

Хорватиялық «Истраның» 28 жастағы ресейлік шабуылшысы Сердер Сердеров «Ақтөбеге» ауысты, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.

Дереккөздің мәліметінше, футболшы «Ақтөбе» клубында маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді.

Сердер Сердеров – «Анжи» командасының түлегі. Ресейде ЦСКА, «Урал», «Крылья Советов» және «Енисей» командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ болгариялық «Славия», польшалық «Краковия», хорватиялық «Интер» және венгриялық «Мёзёковесд» клубтарында доп тепті.

Жалпы Сердеров мансабында 243 матч өткізіп, 48 гол мен 19 нәтижелі пастың авторы атанды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×