"Ақтөбе" 30 жастағы сербиялық шабуылшы Боян Дубайичтің командадан кететіні туралы хабарлады.
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Дубайич "Ақтөбеге" осы жылдың ақпан айында қосылған еді. Ол "Ақтөбе" жейдесінде 15 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Дубаийч 2019 жылдан бері белоруссиялық БАТЭ клубының намысын қорғаған еді. Оны "Ақтөбеге" бас бапкер болып тағайындалған Алексей Бага аттай қалап алдырған еді.
Біздің серіктес: FONBET